Тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы, C-3 санаты (1 бірлік), А блогы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422438

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау
  • Экология
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілеріне мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылықты жүзеге асыру. Басқарманың жұмысын жоспарлау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру, тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелерін іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау, субъектілер мен өзге де ұйымдардың жұмысын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіру. Халықтың, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптама топтарына қатысу. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Комитеттің ведомстволық бағынысты органдары мен ұйымдары жұмысының жай-күйін жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жүзеге асыруға қатысу. Комитеттің ведомстволық бағынысты органдарымен және ұйымдарымен бірлесіп бақылаудағы тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін тексеруді жүзеге асыруға қатысу. Құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты органдары мен ұйымдарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру, өткізу және (немесе) оларға қатысу. Құзыреті шегінде Комитет алқасының Талдамалық материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, шешімдерінің жобаларын дайындау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Басқарма қызметкерлерінің қызметіне, қызметкерлердің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.07.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.07.2022 – 14.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-18-04