Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Статистикалық есеп және талдау басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік), С-4 санаты, 13-03-02
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының болуы, медициналық мамандық немесе денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.
Функционалды міндеттер
Ведомстволық статистикалық бақылау бойынша статистикалық қызметті үйлестіру. Статистикалық қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар пысықтау. Денсаулық сақтау және медициналық статистика саласында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласында келісуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама жасау. Республиканың денсаулық сақтау ісі және денсаулық жағдайына өңірлер бөлінісінде статистикалық талдау жүргізу. Тоқсандық және жылдық ведомстволық статистикалық есептілікті жинақтау және құру. Денсаулық сақтау ісі және халық денсаулығы көрсеткіштерінің есебін талдау. Статистикалық және аналитикалық жинақтар құру. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын құруға қатысу. Бірыңғай денсаулық сақтау ақпараттық жүйесін құруға қатысу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, жергілікті денсаулық сақтау органдарына, ведомстволық ұйымдарға Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Қызметтік құжаттарды, органдар мен ұйымдардың хаттарын қарау, олардың орындалуына бақылау жасау. Тұрақты даму мақсаттарының және Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің қолжетуіне мониторинг.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-28-18