Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік), С-4 санаты, 10-03-03

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Қосымша талаптар

мүмкіндігінше денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы. 

Функционалды міндеттер

Стационарлық медициналық көмек көрсету мәселелеріне жетекшілік ету, иондаушы сәулелендіру әсерімен себептік байланыстарды анықтау  бойынша іс-шараларды жоспарлау, ММК, ЖТМҚ және басқа дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру, республикалық қаражат есебінен, сонымен бірге лизинг шеңберінде сатып алынатын медициналық жабдықтар тізбесін анықтауға қатысу, ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, адам құқықтары және адам құқықтары жөніндегі Уәкілетті тұлғаның мерзімдік баяндамаларының материалдарын дайындауға қатысу. Шұғыл стационарларды (қабылдау бөлімдері) үйлестіру.

Жарияланған күні: 22.05.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.05.2020 – 27.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7172) 74-28-18