Есіл ауданы санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 бірлік.
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
84415 - 114854
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Санитария, гигиена, эпидемиология.
Функционалды міндеттер
Камералдық бақылау және өнімді санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға іріктеу жолымен өнімнің қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды іске асыру. Сәйкес келмейтін өнімдерді, жеткізушілерді, сауда желілерін анықтау, сәйкес келмейтін өнімдерді, оның ішінде генетикалық түрлендірілген өнімдерді сатуға жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін дайындау. Департаментке ұсыну үшін талдамалық материалдарды дайындау. Құзыреті шегінде әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3
-
8 (7172) 57-60-52