Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы (негізгі маманның бала күтіміне алған демалыс уақытына 2024 жылдың 12 шілдесіне дейін), С-O-4-санаты, 1-бірлік.
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Санитария, гигиена, эпидемиология.
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық ету. Қалада санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Ұйымдастыру-әдістемелік және зертханалық жұмыс жоспарларын жасау және олардың орындалуын талдау, бөлім қызметінің басым бағыттарын анықтау, бөлім жұмысының көрсеткіштерін дайындау, ісқағаздарының жүргізілуін ұйымдастыру. Департамент басқармаларының ауруханаішілік инфекцияларды қадағалау мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және талдау. Емдеу-профилактикалық ұйымдарында санитариялық-гигиеналық, дезинфекциялау-стерилдеу режимдерінің сақталуына, ауруханаішілік аурулармен сырқаттануға мониторингтің жүргізілуіне ағымдағы қадағалауды қамтамасыз ету. Ауруханаішілік сырқаттанушылық жағдайларының және басқармалар тапсыратын есептердің уақтылы, дәйекті есепке алынуын бақылау. Медициналық ұйымдардың қалдықтарының жиналуын, пайдаланылуын, залалсыздандырылуын, сақталуын және жойылуын қадағалауды қамтамасыз ету. Емдеу-профилактикалық ұйымдарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Департамент басқармаларымен зертханалық зерттеулердің мемлекеттік тапсырысының орындалуын бақылау. Рұқсат құжаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар мен жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша ақпараттың дайындалуын және орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін дайындау. Құзыретінің шегінде аналитикалық материалдарды, анықтамаларды, баяндамаларды дайындау. Департамент басқармаларына практикалық көмек көрсету. Департаменттің аумақтық басқармалары жұмысының жағдайына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақталуын қамтамсыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3
-
8 (7172) 57-60-52