Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Байқоныр ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы, С-R-3 санаты, 1 бірлік.
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
106359 - 142815
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Послевузовское или высшее образование
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Қосымша талаптар
Санитария, гигиена, эпидемиология; азаматтық құқық.
Функционалды міндеттер
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Халықтың әл-ауқатының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына мониторинг жүргізу. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бойынша жедел ақпарат дайындау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ведомстволық статистикалық есептілікті қалыптастыру. Бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша басқарманың жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жоспарын құру және талдау, қызметтің перспективалық бағыттарын анықтау, жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды және мониторингті жүзеге асыру. Басқармада мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, орындаушылық тәртіпті бақылау. Құжаттарды ақпараттық - анықтамалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Статистикалық есептілікті ұйымдастыру және санитариялық - эпидемиологиялық мониторингтерді, іс жүргізуді жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3
-
8 (7172) 57-60-52