Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Есіл ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттер бақылау бөлімінің басшысы, С-R-3 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-R-3

Орташа лауазымдық айлықақы

106359 - 142815

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Послевузовское или высшее образование

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі

Қосымша талаптар

Санитария, гигиена, эпидемиология.

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысына басшылық ету. Тиісті аумақтағы өнеркәсіп, коммуналдық, балалар және білім беру, тамақ және сауда объектілеріне санитариялық-гигиеналық қадағалау жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Профилактикалық және санитариялық-гигиеналық іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдау. Басқарманың жылдық ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын дайындау және орындау және мемлекеттік тапсырыс бойынша зертханалық зерттеу және оның функцияларынан туындайтын басқа да іс-шаралар, ұсынылатын статистикалық және ведомстволық есептіліктің уақтылығы, сапасы және дұрыстығы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау бойынша, әкімшілік материалдар бойынша ақпаратты деректер базасына енгізу. Рұқсат беру құжаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.    Бақылаудағы объектілерді жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыруға қатысу.  Рұқсат беру құжаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Құзыреті шегінде әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау, олар бойынша ақпарат дайындау. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін дайындау. Департаментке ұсыну үшін талдау материалдарын, анықтамаларды дайындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін талдау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.05.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.05.2022 – 24.05.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 57-60-52