Департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, 2024 жылғы 19 ақпандаға дейін, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне (негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығұға құқылы)

Мемлекеттік орган

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі

Қосымша талаптар

Электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет.

 

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын басшылыққа  алу, үйлестіру, жоспарлау. Облыстағы аса қауіпті инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық ахуалын талдау, ахуалды тұрақтандыру бойынша іс-шаралар өткізу, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен  өзара іс-қимыл жасау. Аса қауіпті инфекциялық аурулар бойынша халықтың  эпидемиологиялық ахуалын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың ұйымдастыруға қатысу. Халықтың профилактикалық егулермен қамтылун бақылау. Аса қауіпті инфекциялық аурулардың өршуін тексеруге, олардың себептерін анықтауға, шоғырландыру және алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлеуге және профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге қатысу. Жоспардан тыс және жоспарлы  тексерулерге қатысу. Аса қауіпті инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау мен бақылау мәселелері бойынша департаменттің аумақтық басқармалары жұмыстарын үйлестіру. Департамент және департаменттің аумақтық басқармалар мамандарына  құзыреті шегінде әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Департаменттің аумақтық басқармалары тапсыратын Аса қауіпті инфекциялық аурулар бойынша есептердің уақтылы және дұрыс тапсырылуын бақылау. Облыстық және өңірлік семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Департаменттің аумақтық басқармаларының жұмысын жоспарлы және жоспардан тыс тексеріп отыру. Талдау материалдарын, анықтамаларды, баяндамаларды, алқа шешімдері жобаларын өз құзыреті шегінде дайындау. Мемлекеттік органдармен және ұйымдармен құзыреті шегінде өзара жұмыс жасау. Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарауды ұйымдастыру және бақылау.  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексі белгілеген тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс қозғау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және медицина, гигиена білімдерін насихаттау бойынша халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. А блок, 6 деңгейі

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.05.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.05.2022 – 17.05.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.05.2022

Сұхбаттасу орны

Көкшетау қ., Кенесары Қасымұлы көш., 14 А

Анықтама алу үшін байланыс

8(716-2)-26-55-29