Персоналды басқару департаменті Ведомстволық бағынысты ұйымдармен кадрлық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, (2 бірлік),С-4 санаты, 21-02-02, 21-02-03, 21-03-04

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының дербес деректерін есепке алуды қамтамасыз ету, есептерді жинау, талдау, жинақтау, ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр мәселелері бойынша министрдің актілері жобаларын дайындау, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметі қызметкерлеріне консультация беру. Конкурстық іріктеу рәсімдерін өткізуді, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын тағайындауды және оларды қызметінен босатуды қамтамасыз ету. Мемлекеттік және ведомстволық наградалармен көтермелеу және наградтау мәселелері бойынша Министр мен аппарат басшысының құжаттарын, актілерін дайындау. Тәртіптік, наградтау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссияларды ұйымдастыру және өткізу. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін және шағымдарын қарау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 31.03.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.04.2022 – 01.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін) (барынша рұқсат етілген файлдар өлшемінің шектеулері 10 мб дейін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18