Степногорск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі

Қосымша талаптар

Электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет.

 

Функционалды міндеттер

Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Ұйымдастыру-әдістемелік және зертханалық жұмыс жоспарларын жоспралау және орындалуын талдау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат дайындау. Объектілерде және инфекциялық аурулар ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу. Инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті аурулардың жай-күйіне мониторинг жүргізу. Нұсқамалардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптардың уақтылы орындалуын бақылау, құзыреті шегінде кеңестер, семинарлар ұйымдастыру және өткізу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексі белгілеген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс қозғау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. А блок, 4 деңгейі

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.03.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.03.2022 – 06.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.04.2022

Сұхбаттасу орны

Көкшетау қ., Кенесары Қасымұлы көш., 14 А

Анықтама алу үшін байланыс

8(716-2)26-55-29