Ақкөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету және цифрландыру бөлімінің бас маманы
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Ақмола облысы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын бақылау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау туралы ақпаратты дайындау және Департаментке жіберу. Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне іс-шараларды жүзеге асыру. Халық арасында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сәйкес келмейтін өнімдер тізімін Департаментке уақтылы жолдау. Азаматтардан келіп түскен арыздардың, өтініштердің (шағымдардың) орындалу сапасын бақылау. Іс жүргізудің жүргізілуін бақылау, басқармадағы құжаттарды есепке алу және сақтау тәртібі. Басқарма басшылығы азаматтарды қабылдау, қабылдау жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, тіл саясаты туралы заңнаманы іске асыру. Денсаулық сақтау саласында ақпараттық сүйемелдеуге қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүзеге асыру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бақылау және орындау. Құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру. Әкімшілік практиканы жүргізу. Әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарма қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Заңнамада белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқа да инстанцияларда басқарма мүдделерін білдіру. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. А блок, 4 деңгейі
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.04.2022
- Көкшетау қ., Кенесары Қасымұлы көш., 14 А
-
8(716-2)26-55-29