Бурабай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерге бақылау бөлімінің бас маманы, 2022 жылғы 05 желтоқсанға дейін, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне (негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығұға құқылы)
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Ақмола облысы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Экология
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
Қосымша талаптар
Электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет.
Функционалды міндеттер
Бақылауға алынған объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүргізу. Халық арасында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпаратты дайындау және орындау. Ұйымдастыру – әдістемелік жұмыс жоспарының, бөлім қызметінің көрсеткіштерінің орындалуына талдау дайындауға қатысу. Іс жүргізу және санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қозғау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау. А блок, 4 деңгейі
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.04.2022
- Көкшетау қ., Кенесары Қасымұлы көш., 14 А
-
8(716-2)26-55-29