Жарқайың аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету және цифрландыру бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-R-3

Орташа лауазымдық айлықақы

236334

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Послевузовское или высшее образование

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Экология
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет.

 

Функционалды міндеттер

Бақылау-қадағалау функцияларын орындау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша Бөлім жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметті уақтылы және сапалы көрсету. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру. Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне іс-шараларды жүзеге асыру. Халық арасында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сәйкес келмейтін өнімдер тізімін Департаментке уақтылы жолдау. Азаматтардан келіп түскен арыздардың, өтініштердің (шағымдардың) орындалу сапасын бақылау. Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын бақылау мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау. Құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру. Әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарма қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Заңнамада белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін білдіру. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. Зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жоспары мен ұйымдастыру – әдістемелік жоспарының орындалуын талдау және құру, бөлім қызметінің перспективалық бағыттарын анықтау, Бөлім жұмысының көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын, нұсқамалардың және іс жүргізудің уақтылы орындалуын бақылау. Зертханалық зерттеулер жүргізе отырып, объектілерге алдын ала және ағымдағы қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу. Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, объектілерде және инфекциялық аурулар ошақтарында профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. А блок, 5 деңгейі

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.03.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.03.2022 – 06.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.04.2022

Сұхбаттасу орны

Көкшетау қ., Кенесары Қасымұлы көш., 14 А

Анықтама алу үшін байланыс

8(716-2)26-55-29