Департаментінің персоналды басқару қызметінің басшысы

Мемлекеттік орган

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет.

 

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын жалпы басшылық ету. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуы бойынша департаменттің аумақтық басқармаларының қызметін үйлестіру. Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік, марапаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметке орналасу, өту және тоқтату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүргізуді ұйымдастыру, оларды аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі мен режимінің сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі шектеулерді қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс өткізу іс-шараларын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету. Қызметкерлерді ынталандыруды ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілердің жеке деректерін есепке алуды бақылау. Саланың кадр қызметі жағдайы туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есепті дайындауды ұйымдастыру және тапсыру. Штаттан тыс қызметкерлердің жұмысын үйлестіру. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы жұмысты үйлестіру (Жоспар, Меморандум). Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. Б блок, 5 деңгейі

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.03.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.03.2022 – 06.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.04.2022

Сұхбаттасу орны

Көкшетау қ., Кенесары Қасымұлы көш., 14 А

Анықтама алу үшін байланыс

8(716-2)26-55-29