Медициналық қызметті профилактикалық бақылау бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Қосымша талаптар

педиатрия немесе емдеу ісі

(электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолдағанда файлардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com, және т.б.) 5 Мб аспауы қажет))

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысына басшылық жасау. Профилактикалық бақылау бойынша жоспарлы тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуды талдау және бақылау. Денсаулық сақтау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау бойынша жоспарлы тексерулер жүргізуді бақылау. Профилактикалық бақылау тексеру қорытындысы бойынша өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексімен белгіленген тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау және әкімшілік айыппұл салу. Профилактикалық бақылау тексеру қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына және басқа органдарға материалдарды жіберу. Профилактикалық бақылау нәтижелері туралы ай сайынғы есептерді жүргізу және өз құзыры шегінде анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқамалардың орындалуын бақылау. Өз құзыры шегінде  аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне рұқсаттық бақылау мен  аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізу. Негізгі статистикалық көрсеткіштер және проблемалық мәселелер бойынша ақпарат дайындау. Денсаулық сақтау субъектілерін профилактикалық бақылау мәселелері бойынша, сондай-ақ медициналық көмек көрсету сапасын бақылау мәселелері бойынша алқаларда, кеңестерде материалдарды ұйымдастыру және дайындау. Басым бағыттар бойынша медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу бойынша үйлестіру кеңесі және медициналық көмектің сапасын басқару бөлімі бойынша медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Құзыреті шегінде медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша мониторинг жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

А  блогы, лауазым деңгейі 6.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.02.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.02.2022 – 18.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.02.2022

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Назарбаев көшесі, 158г-үй, 2 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(705)-715-55-15