Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау комитеті Цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Телекоммуникациялар
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Денсаулық сақтау
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметін, сондай-ақ цифрландыру мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру, цифрландыру мәселелерін шешуге бағытталған саясатты және Комитеттің салаларын цифрландыру бойынша жаңа бастамаларды енгізу және дамыту жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды құру, енгізу мәселелері бойынша Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ету, сыртқы ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу. Құзыреті шегінде заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу және қарау. Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, сүйемелдеу және жұмыс істеу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Комитеттің ведомстволық бағынысты органдары мен ұйымдары жұмысының жай-күйін жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жүзеге асыруға қатысу. Өз құзыреті шегінде Басқарманың, Комитеттің ведомстволық бағынысты органдары мен ұйымдарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде Министрліктің, Комитеттің Талдамалық материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, алқа шешімдерінің жобаларын дайындау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Басқарма қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде жетекшілік ететін мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды қарау және дайындау. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Құжаттарды уақытылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.11.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.11.2021 – 29.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8/7172/74-18-04