Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық комитеті Активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы, C-3 санаты (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2022 жылдың 26 қаңтарына дейін)
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Құрылыс
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау, тиісті мемлекеттік органдарға басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат беру, республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады. Комитет пен Министрліктің стратегиялық даму жоспарын және операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу. Даму жоспарын, даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жылдық қаржылық есептілігін қарау, келісу және бекітуге дайындау. Таза кірістің бір бөлігін Қазақстан Республикасының Үкіметі пайыздық арақатынаста белгілеген мөлшерде дивидендтер (кіріс) төлеуге жіберу бойынша шаралар қабылдау; мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өз шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісу туралы ұсыныс дайындау, мемлекеттік кәсіпорындар үшін әкімшілік шығыстардың кейбір лимиттерін (қызметтік автомобильдердің тиесілік нормалары, өкілдік шығыстар, әкімшілік аппараттарды және ерекше үй-жайларды орналастыруға арналған алаңдар, іссапар шығыстарын, арнайы көлікті өтеу) белгілеуге қатысу. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын дайындау және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген тәсілдермен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды уақтылы және сапалы жүргізу, конкурстық (аукциондық) комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды уақтылы жасасу, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу, мемлекеттік сатып алуды жүргізу, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау. Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша бюджеттің атқарылуын мониторингілеу. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде Министрліктің, Комитеттің талдамалық материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, алқа шешімдерінің жобаларын дайындау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нүр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс
-
87172/74-18-04