Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді үйлестіру басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің 02.09.2022 ж. қоса алғанда баланың күтіміне байланысты демалыс уақытына), (1 бірлік), С-5 санаты, 15-01-04
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Жалпы медицина
- Стоматология
- Қаржы
Функционалды міндеттер
МӘМС енгізу, МӘМС енгізу кезінде тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды, іс-шаралардың орындалуына мониторингті ұйымдастыру және қатысу. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. МӘМС жүйесінің жұмыс істеуін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыс мониторингін жүзеге асыру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен МӘМС жүйесі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру; «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-пен, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен және МӘМС-тің басқа да қатысушыларымен өз құзыреті шегінде МӘМС жүйесін енгізу, дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқаларды өткізуді ұйымдастыру және қатысу; Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)