Жобалық және корпоративтік басқару департаменті Жобалық менеджмент басқармасының сарапшысы, (1 бірлік), С-5 санаты, 14-01-04
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Стоматология
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқармаға келіп түсетін құжаттарды орындау, олардың орындалу сапасы мен уақтылығына өзіндік талдау жүргізу, еңбек тәртібін сақтау. Басқарманың құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Жобалық басқаруды енгізуге әдіснамалық қолдау көрсету. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарын үйлестіру және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі деңгейінде ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жобалардың және денсаулық сақтауға қатысты жобалардың орындалуына мониторинг жүргізу. Басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволарымен, ведомстволық бағынысты ұйымдарымен және өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша денсаулық сақтау саласындағы талдамалық есептерді және ақпараттық-талдамалық материалдарды қалыптастыру. Басқарма құзыреті шегінде мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, алқалар және басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру және қатысу. Атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-28-18