Әкімшілік департаменті Өтініштермен жұмысты ұйымдастыру қызметінің бас сарапшысы, (1 бірлік), С-4 санаты, 23-03-02

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Функционалды міндеттер

Құжат айналымының электрондық бағдарламасында (ЭҚАБЖ) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді, компьютерлік және өзге де өңдеуді жүзеге асыру, оларды есепке алу, Министрліктің басшылығына, құрылымдық бөлімшелеріне бөлу және жеткізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысына күн сайынғы мониторинг жүргізеді, өтініштерге белгіленген мерзімде жауап беруді (орналастыруды) бақылайды, өтініштерді қарау барысы мен нәтижелері туралы мәліметтерді жинақтайды, өтініштерді қарау бойынша орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы басшылықты жүйелі түрде хабардар етеді, Министрліктің басшылығына, жоғары тұрған және өзге де мемлекеттік органдарға кеңестерге ақпарат дайындайды, Министрлік басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесін жасау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, материалдарды қорыту, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау нәтижелері бойынша басшылықтың тапсырмаларының орындалуын   бақылайды,  Президенттің,  Үкіметтің  және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындайды, Қызмет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.11.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.11.2021 – 19.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

a.doszhanova@dsm.gov.kz