Жобалық және корпоративтік басқару департаменті Корпоративтік даму басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік), С-4 санаты, 14-02-02
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Басқармаға ұсынылған құжаттарды рәсімдеу, олардың сапасы мен уақтылы орындалуын, еңбек тәртібін сақтауды өзіндік талдау. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқаруды жүзеге асыруға әдістемелік қолдау көрсету. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративті басқаруды енгізу мониторингін қамтамасыз ету, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының жарғыларына өзгерістер мен толықтыруларды бекітуге қатысу, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында корпоративтік басқару кодексін әзірлеуге қатысу. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Директорлар кеңесінің, Бақылау кеңесінің құрамын құруға қатысу. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Директорлар кеңесі мен Бақылау кеңесінің отырыстарына ұсынылған материалдар бойынша бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қорытындылар дайындау. Министрліктің ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік секторы субъектілері бойынша Даму жоспарларын қарауды және бекітуге дайындауды, сондай-ақ Даму жоспарының орындалуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Директорлар кеңесі, қадағалау және қамқоршылық кеңесі отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарау бойынша жұмысты үйлестіруге қатысу. Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының директорлар кеңесі мен ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін, мүшелерін сайлауға, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы мен шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын және қызметкерлерге сыйақы мен сыйақы мөлшерін, шарттарын анықтауға қатысады. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының ішкі аудит қызметі. Тиісті мемлекеттік органдарға басқару құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдарды ұсыну. Басқару құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша кездесулер, семинарлар, конференциялар, алқалар және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-28-18