Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Стандарттау басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік), С-4 санаты, 09-04-02
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Медициналық қызмет стандарттары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Үкіметі үшін талдамалық материалдар әзірлеуге қатысу; Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге қатысу; Медициналық қызметті стандарттау бойынша денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; Басқармаға түскен құжаттардың орындалуын бақылауды, сапасына және олардың уақтылы орындалуына талдау жүргізу; Медициналық қызметтерді стандарттау саласындағы мәселелерді, сондай-ақ Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның мәселелерін үйлестіруге қатысу; Медициналық көмектің стандартын ұйымдастыру, әзірлеу және жетілдіру бойынша мәселелерді клиникалық хаттамаларды үйлестіру; Медициналық қызметтерді стандарттау кезінде Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның мәселелері бойынша, Министрліктің ведостволық бағынысты ұйымдарымен, аумақтық бөлімшелерімен, кәсіби қауымдастықтармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Басқармаға түскен құжаттарды белгіленген мерзімде сапалы және уақтылы орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-28-18