Департаментінің персоналды басқару қызметінің бас маманы, 2024 жылғы 08 тамызға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне (негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығұға құқылы)

Мемлекеттік орган

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет.

 

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін қамтамасыз ету: конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметі тиімділігін бағалау жүргізу, оларды аттестаттау рәсімдерін сақтау, қызмет бабымен жоғарылау, жұмыстан босатылу. Тәртіптік, марапаттау, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың жұмысына қатысу. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету. Қызметкерлерді ынталандыруды ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілердің жеке деректерін есепке алу. Саланың кадр қызметінің жағдайы туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есепті дайындауды ұйымдастыру және тапсыру. Штаттан тыс қызметкерлердің жұмысын үйлестіру. Жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, демалыс, іссапар бұйрықтары жобаларын дайындау. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек демалыстары кестелерін құру және олардың орындалуын мониторингілеу. Әскери міндеттілерді есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу. Департамент пен  аумақтық бөлімшелердің штат кестесінің жобасын дайындау. Персоналды басқару қызметінде іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды ведомстволық мұрағатқа тапсыруды ұйымдастыру. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы жұмысты үйлестіру (Жоспар, Меморандум). Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.10.2021 – 08.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.11.2021

Сұхбаттасу орны

Көкшетау қ., Кенесары Қасымұлы көш., 14 А

Анықтама алу үшін байланыс

8(716-2)26-55-29