Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әкімшілік қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг

Функционалды міндеттер

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, талдау және мониторинг жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Шарттарды уақтылы жасауды үйлестіруді, олардың заңнама талаптарына сәйкестілігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда экономикалық әрекет ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету. Бюджеттің жобасын жасауға қатысу және бюджеттің жиынтық жоспарын жасау жұмысын ұйымдастыру. Есептік кезең бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға, бюджеттік өтінімді дайындауға қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.10.2021 – 02.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 57-60-52