Медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), №№ 05-5

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Функционалды міндеттер

Құзыреті бойынша норма шығару қызметін жүзеге асыру. Профилактикалық бақылау бойынша тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуға мониторингті жүзеге асыру. Аумақтық бөлімшелер мен бейінді қызметтердің қызметі туралы есептік деректерді жинау мен талдауды, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісіне барып және бармай профилактикалық бақылау бойынша тексерулерді үйлестіру. Құзыреті шегінде профилактикалық бақылауды және нұсқамалардың орындалуын тексеру нәтижелерін талдауды және мониторингілеуді жүзеге асыру. Денсаулық сақтау субъектісі мамандарының жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді үйлестіру. Қазақстан Республикасындағы медициналық ұйымдардың, өңірлердің және ғылыми-зерттей институттары/ұлттық орталықтарының қызметін рейтингтік бағалау бойынша жұмыс жүргізу. Құзыреті бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.10.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.10.2021 – 25.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Нүр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 13 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-10-13