Бюджеттік департамент Бюджетті жиынтық жоспарлау басқармасының сарапшысы, (1 бірлік), С-5 санаты, 19-01-08

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Алдағы қаржылық кезеңге Министрлік бюджетінің жобасын қалыптастыру, сондай-ақ ағымдағы кезеңге денсаулық сақтау саласының бюджетін нақтылау бойынша жұмыс; алдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру; Стратегиялық жоспардың бағыттарына сәйкес белгіленген бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыруға қатысу; ағымдағы қаржы жылында әзірленетін нормативтік-құқықтық актілерді қаржылық сараптау; Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламентіне анықтамалар, материалдар және жоспарлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау; азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс. Құзыреті шегінде жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы басқару органдарына жоспарлау мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы органдармен, орталық мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.10.2021 – 05.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18