Департаментінің қызметті жоспарлау, талдау және цифрландыру бөлімінің бас маманы
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Ақмола облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет.
Функционалды міндеттер
Апталық, айлық есеп форма мониторингі (№1 нысаны, «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» АБЖ, аймақтағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы апталық жедел ақпарат). Кіріс хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және тіркеуді жүзеге асыру. Бөлімнің мәлімет базасын жүргізу және аумақтық кеңселермен «ӨБЕ» ААЖ мәліметтер базасының жүргізілуін бақылау. Кіріс хат-хабарлардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылау, электронды құжат айналымы. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру. Департаменттің ресми интернет-ресурсында ақпаратты уақытында жаңартуды жүзеге асыру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру бойынша мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету. Бөлім және аумақтық кеңселер мамандарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бақылау.Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны бойынша аумақтық кеңселердің статистика есептерін қабылдау, талдау және жинау. Бөлім мен аумақтық кеңселердің қызмет көрсеткіштерін талдау. Конференция, семинар, әлеуметтік шараларға қатысу. Бөлімнің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын құру, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау. Департаменттің алқа отырыстарына материал дайындау. Бөлімде іс қағаздарын жүргізу және істерді ведомстволық мұрағатқа тапсыру. Мемлекеттік тілде іс жүргізуді дамыту және басқару. Мемлекеттік тілде дайындалған ресми құжаттарды түзету. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша сабақтарды ұйымдастыру. Бөлім мен аумақтық басқарма мамандарына мемлекеттік тілді дамытуға консультативтік-практикалық көмек көрсету. Аумақтық басқармаларда мемлекеттік тілді дамыту жұмысын үйлестіру. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, тіл саясаты туралы заңнаманы жүзеге асыру. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық қамтамасыз етуге қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттесу. Әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.10.2021
- Көкшетау қ., Кенесары Қасымұлы көш., 14 А
-
8(716-2)26-55-29