Инвестициялық саясат департаменті Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік), С-4 санаты, 15-02-03
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Сәулет
- Экономика
- Менеджмент
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Стоматология
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Жергілікті маңызы бар денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына, реконструциясына, сейсмокүшейтуге және оларды мониторингтеуге бағытталған даму республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша республикалық бюджетті қалыптастыру және орындау бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету, даму жобаларын (құрылысқа, реконструкциялауға және сейсмикалық күшейтуге) іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің және стратегиялық құжаттардың жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына (республикалық маңызы бар) салалық қорытынды Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен келісуді және беруді қамтамасыз ету; республикалық маңызы бар денсаулық сақтау объектілері құрылысының инвестициялық ұсынысын, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемесін жоспарлау және дайындау. Құрылыс объектілеріндегі жұмыстарға және тартылған инжинирингтік қызметтерге (техникалық және авторлық қадағалау, сондай-ақ құрылыс объектілеріндегі жобаларды басқару бойынша) бақылау жүргізу). Қолданыстағы заңнамаға Құрылыс және күрделі жөндеу объектілері бойынша орындалған жұмыстардың енгізілген актілерінің және анықтамалардың дұрыстығын (дұрыстығын) салыстырып тексеру, оларды құрылымдық бөлімшелерде келісу және төлемдер жүргізу үшін енгізу. Құрылыс объектілерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде жобалық шешімдердің негізделген өзгерістерін қарауға және келісуге қатысу, аяқталған құрылыс объектілерін пайдалануға беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу. Құрылыс объектілерін пайдалануға беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау. Құрылысқа жоспарланған объектілерді жобалау үшін бастапқы деректерді келісу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу (СЖТ, ТШ, схемалар, Қаулылар және т. б.). Сараптама жүргізу үшін нобайлық жобаларды, жобалардың бөлімдерін келісу бойынша Басшылыққа ұсыныстар енгізу; тиісті сараптамадан өткен кезде әзірленетін жұмыс жобаларын сүйемелдеу (дәлелді ескертулерді пысықтау), салынып жатқан және құрылысы жоспарланған денсаулық сақтау объектілері мен кешендеріне (қайта жаңарту, кеңейту, жетілдіру, күрделі жөндеу) мониторинг жүргізеді.); объектілердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына және толық және уақтылы игерілуіне тікелей жауапты болады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс
-
8 (7172) 74-28-18