Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Медициналық қызметтердің көлемін болжамдау және жоспарлау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 26.06.2020 ж қоса алғанда баланың күтіміне байланысты демалыс уақытына), С-4 санаты, (1 бірлік), 11-03-04

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу; МӘМС жүйесінде және ТМККК шеңберінде медициналық қызметті көрсетуде денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу және ақы төлеу тәртібін жетілдіру; өңірлер бөлінісінде негізгі бейіндер бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын тең көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлеу және талдау, көлемін болжау, талдау, құзыреті бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау, басқарманың құзыретіне кіретін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Жарияланған күні: 02.03.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7172) 74-28-18