Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Сарыарқа ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы (негізгі маманның бала күтіміне алған демалыс уақытына 2022 жылдың 11 қазаны бойынша), С-R-3 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-R-3

Орташа лауазымдық айлықақы

106359 - 142815

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Послевузовское или высшее образование

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (санитария, гигиена, эпидемиология және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау); техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе азық- түлік өнімдерінің технологиясы және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе метрология).

    Функционалды міндеттер

    Жұмысқа жалпы басшылық жасау. Камералдық бақылау және өнімді санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға іріктеу жолымен өнімнің қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылау. Сәйкес келмейтін өнімдерді, жеткізушілерді, сауда желілерін анықтау, сәйкес келмейтін өнімдерді, оның ішінде генетикалық түрлендірілген өнімдерді сатуға жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Сәйкес келмейтін өнім анықталған жағдайда Департаментке жедел хабарлауды қамтамасыз ету. Департаментке ұсыну үшін талдамалық материалдарды, анықтамаларды дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін дайындау. Құзыреті шегінде әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 24.08.2021

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    25.08.2021 – 03.09.2021
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

    Анықтама алу үшін байланыс

    57-60-52