Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы (негізгі маманның бала күтіміне алған демалыс уақытына 2022 жылдың 22 каңтары бойынша), C-R-1 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-R-1

Орташа лауазымдық айлықақы

142461 - 192366

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  8. ғылыми дәрежесінің болуы;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медико-профилактикалық іс және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология).

    Функционалды міндеттер

    Басқарма жұмысына басшылық ету. Басқарманың тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Эпидемиологиялық және санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау техникалық регламенттердің талаптарын саласындағы басқарманың қызметін бақылауды жүзеге асыру. Басқарманың жылдық ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын бақылау және мемлекеттік тапсырыс бойынша зертханалық зерттеу және оның функцияларынан туындайтын басқа да іс-шаралар, ұсынылатын статистикалық және ведомстволық есептіліктің уақтылығы, сапасы және дұрыстығы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау бойынша, әкімшілік материалдар бойынша ақпаратты деректер базасына енгізудің орындалуын бақылау. Рұқсат құжаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы басқарма қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, сапаны бақылау, әкімшілік заңнама және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын бақылау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер, әкімшілік заңнама және Басқарма қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын бақылау. Ерекше тәртіп бойынша тексерулердің жартыжылдық графиктерінің сапалы жасалуын және оның орындалуын, жоспардан тыс тексерулердің жүргізілуін бақылау. Аудан халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша жұмыс және сараптама топтарына қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын бақылау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және құзыреті шегінде шаралар қабылдау. Департаментке ұсыну үшін талдамалық материалдарды, анықтамаларды, баяндамаларды дайындау. Құзыреті шегінде талдау материалдарын, анықтамаларды, баяндамаларды дайындау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет туралы, Тілдер туралы, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 24.08.2021

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    25.08.2021 – 03.09.2021
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

    Анықтама алу үшін байланыс

    57-60-52