Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (негізгі маманның бала күтіміне алған демалыс уақытына 2023 жылдың 9 қазаны бойынша), С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет және/немесе азаматтық құқық).

    Функционалды міндеттер

    Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда департаменттің мүдделерін білдіру. Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, құқықтық жалпы оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Құқықтық актілердің, шешімдердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың олардың қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестілігіне заңдық сараптама жүргізу. Департаменттің және аумақтық басқармалардың мамандарына құқықтық көмек көрсету.  Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 24.08.2021

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    25.08.2021 – 03.09.2021
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

    Анықтама алу үшін байланыс

    57-60-52