Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу және талдау басқармасының сарапшысы, C-5 санаты (1 бірлік), № 10-5 (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне 26.03.2024 жылға дейін)
Медициналық бақылау комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Фармация
Функционалды міндеттер
Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Заңнамаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Құзыреті шегінде фармацевтикалық саланы дамыту стратегиясын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шегінде мониторингті жүзеге асыру. Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК қызметін үйлестіру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Нүр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс
-
8(7172) 74-16-31