Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы (негізгі маманның бала күтіміне алған демалыс уақытына 2022 жылдың 26 сәуірі бойынша), С-O-5-санаты, 1-бірлік.
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Санитария, гигиена, эпидемиология.
Функционалды міндеттер
Халықтың денсаулығын инфекциялық және паразитарлық аурулардан қорғау мақсатында эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру. Қаладағы эпидемиологиялық процесті болжауды ұйымдастыру және жүргізу. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша әзірлеу. Инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу бойынша қолданыстағы бұйрықтардың орындалуын бақылау. Рұқсат құжаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау. Профилактикалық егулер күнтізбесіне сәйкес иммунопрофилактика бойынша жоспарларды жоспарлау мен орындауды бақылау. I-IV патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беруге қатысу. Құзыретінің шегінде аналитикалық материалдарды, анықтамаларды, баяндамаларды дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын және өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін дайындау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3
-
8 (7172) 57-60-52