Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Аналар денсаулығын сақтау басқармасының бас сарапшысы, (2 бірлік), С-4 санаты, 10-01-03, 10-01-04

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Қосымша талаптар

Мүмкіндігінше акушерлік және гинекология бойынша жоғарғы біліктілік санатының, денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Функционалды міндеттер

Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, босанған әйелдерге және фертильдік жастағы әйелдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды үйлестіру. Перинаталдық көмекті өңірлендіруге, тиімді перинаталдық технологияларды, емшек сүтімен қоректендіру қағидаттарын енгізуге мониторинг жүргізу. Ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша жағдайдың, ана өлімі деңгейінің мониторингі. Туа біткен даму кемістігі бар балалардың тууын төмендету үшін пренаталдық диагностиканы жетілдіру үшін ұсыныстарды талдау және әзірлеу. Ұрпақты болу денсаулығын нығайту, фертильдік жастағы аналар мен әйелдердің денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға қатысу. Басқарма жұмысында Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің деректері бойынша фертильдік жасындағы әйелдерді динамикалық бақылау мониторингі нәтижелерінің жиынтық талдауларын (профилактикалық, медициналық тексерулер, гинекологиялық және экстрагениталдық аурулар, репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау, ЖЖБИ-мен ауыру, түсіктер, контрацепция нәтижелері) қолдану. ҚР ауыр жағдайда болған пациенттерге (жүкті, босанатын және босанған әйелдер) мониторинг жүргізу. Жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.07.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.07.2021 – 03.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

 8 (7172) 74-28-18