ҚР ҚМ ММЖК Заң басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1-бірлік).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс топтарының отырыстарына қатысу, мемлекет қатысатын ұйымдардың   құрылтай кұжаттарын талдау; мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сараптама жүргізуге және қорытындылар дайындауға бақылау; Комитеттің ведомстволық актілеріне сараптама және келісу;

Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарының отырыстарына қатысу; сот органдарында және төрелік талқылауларда Комитеттің мүдделерін білдіру, құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.06.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.07.2021 – 03.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

08.07.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

71-78-46, 71-71-80, 71-71-86