Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау комитеті бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 5 тамызға дейін)
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Комитеттің ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелері бойынша тиісті үш жылдық кезеңге жиынтық бюджет жобасын қалыптастыру. Ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелердің даму жоспарларына түзетулерді және даму жоспарларының орындалуы туралы есептерді қарау және бекітуге дайындау. Бюджет жобасын әзірлеу кезінде есепті кезең бойынша жетекшілік бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға қатысу. Жоспарланған қаржы жылына міндеттер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасау, сондай-ақ өзгерістер енгізу. Республикалық бюджетті нақтылауға жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты аумақтық органдардан өтінімдер қалыптастыру, республикалық бюджетті нақтылаумен байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына ұсыныстар әзірлеу.
Жоспарлау мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің жобаларын дайындауға қатысу. Жетекшілік ететін бөлім бойынша анықтамалар, ақпараттар мен талдамалық материалдар дайындау. Басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. Ағымдағы хат-хабармен жұмыс.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нүр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс
-
8(7172) 74-18-04