ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Көкшетау бөлімшелік көліктегі санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы, C-R-5 (1 бірлік)
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
84415 - 114854
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Көлік объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Құзыреті шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын дайындау. Бақылаудағы көлік объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға талдау жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу. Бекітілген статистикалық есептілікті және жедел ақпаратты уақтылы жасауды, уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету. Көлік қызметкерлері мен жолаушылардың санитариялық - эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптама топтарына қатысу.
Әкімшілік қамтамасыз ету, құқықтық жұмыс, цифрландыру, ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс жүргізу. Заңнамада белгіленген тәртіппен органдарда, соттарда және ұйымдарда басқарма мүдделерін өкілеттік шегінде білдіру. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Электрондық база бойынша құжаттармен жұмыс. Құжаттарды бақылауға қою. Бақылаудағы құжаттарды уақтылы орындау. Мемлекеттік тілдегі құжаттарды дайындау және сапасын бақылау. Құжаттарды уақытылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің сот жұмысын, әкімшілік іс жүргізуді талдау және қорыту. Ақпараттық ресурстарды қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етулерді енгізу, сүйемелдеу және олардың жұмыс істеуі кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ұйымдастырушылық жұмыс жоспарын құру және талдау. Басқарманың медиа-жоспарын орындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, құжаттар бойынша ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Статистикалық есептілікті ұйымдастыру және санитариялық – эпидемиологиялық мониторингтерді, іс жүргізуді, азаматтардың арыздарымен және өтініштерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жүргізу. Басқарма материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында, департаменттің интернет-ресурсында жариялау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- online
-
94-29-06