ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қаржы және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Жұмысты жоспарлау. Департамент бойынша тиісті үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын қалыптастыру. Департаментпен өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, талдау және мониторингілеу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Есепті кезең бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға қатысу. Жоспарланатын қаржы жылына міндеттемелер мен төлемдер бойынша мәліметтерді әзірлеу және Департаменттің аумақтық бөлімшелеріне жеткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерін ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының үнемді және мақсатты жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде департамент алқасының талдау материалдарының, анықтамаларының, шешімдерінің жобаларын дайындау. Бухгалтерлік есепті жүргізу (азаматтық-құқықтық мәмілелерді, төлем шоттарын тіркеуге өтінімдерді қалыптастыру, мемориалдық ордерді жүргізу, төлем шоттарын қалыптастыру және жалақы, демалыс және іссапар шығыстары, салық және міндетті төлемдер бойынша есептеу, қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есепті жасау). Салықтық және статистикалық есептерді жасау және ұсыну, салық органдарымен салыстыру жүргізу. Бюджеттің ай сайынғы атқарылуы. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қарау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.06.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.06.2021 – 23.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

online

Анықтама алу үшін байланыс

94-29-06