ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы, C-R-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2022 жылғы 7 қыркүйекке дейін)
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Көлік объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Құзыреті шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын дайындау. Бақылаудағы көлік объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға талдау жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу. Бекітілген статистикалық есептілікті және жедел ақпаратты уақтылы жасауды, уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету. Көлік қызметкерлері мен жолаушылардың санитарлық - эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптама топтарына қатысу. Инфекциялық, кәсіптік аурулар, ТЖ жағдайлары бойынша жолаушылар тасымалымен байланысты қызметкерлер арасында санитариялық - ағарту жұмыстарын жүргізу. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- online
-
94-29-06