Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы (негізгі маманның бала күтіміне алған демалыс уақытына 2022 жылдың 21 қазаны бойынша), С-O-5-санаты, 1-бірлік.
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Санитария, гигиена, эпидемиология.
Функционалды міндеттер
Емдеу-профилактикалық ұйымдарын, ауруханаішілік инфекцияларды инфекциялық бақылаудың ұйымдастырылуын қадағалау бойынша қызметті талдау. Ауруханаішілік инфекциялармен сырқаттанушылыққа мониторинг жасау. Қаладағы емдеу-профилактикалық ұйымдарында санитариялық-гигиеналық, дезинфекциялау-стерилдеу және санитариялық-эпидемиологиялық режимдерінің сақталуын бақылау. Медициналық ұйымдардың қалдықтарының жиналуын, пайдаланылуын, залалсыздандырылуын, сақталуын және жойылуын қадағалау. Департамент басқармаларымен зертханалық зерттеулердің мемлекеттік тапсырысының орындалуын бақылау. Рұқсат құжаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын және өтініштерін қарау. Құзыретінің шегінде аналитикалық материалдарды, анықтамаларды, баяндамаларды дайындау. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін дайындау. Департаменттің аумақтық басқармаларына практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3
-
8 (7172) 57-60-52