Қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), №03-5

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің бюджеттік жоспарлауы мен бухгалтерлік есебін орталықтандырып жүргізу. Дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша тоқсан сайынғы есептілікті қарау және жинақтау. Комитет және аумақтық бөлімшелер бойынша қаржылық есептілікті   е-Қаржымині ақпараттық жүйесінде қабылдау, өңдеу және шоғырландыру. Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің активтерін есептен шығару жөніндегі материалдарды қарау, мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері. Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін түгендеу, паспорттау және қайта бағалау бойынша жылдық есепті жасау және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың осы есепті ЕССО АЖ мемлекеттік тізіліміне ұсынуын мониторингілеу. Ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша бюджеттің атқарылуын мониторингілеу. Бюджеттік бағдарламалар бойынша жұмысты жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандырып жүргізу. Құзыреті шегінде Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.06.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.06.2021 – 10.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Нүр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-16-31