Ғылым және адами ресурстар департаменті Медициналық білім беру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, (1 бірлік), 14-01-03

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология
  • Қаржы
  • Білім (химия)
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Білім: биология

Функционалды міндеттер

Медициналық және фармацевтикалық білім беру мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау, іс қағаздарын жүргізу, медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау бойынша білім беру ұйымдарының статистикалық есептілігін жинау, қорыту және талдау, республикадағы медициналық және фармацевтикалық білім берудің жетекшілік ететін мәселелері бойынша талдамалық материалдар дайындау, республикада медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; Медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру саласындағы нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу, саланың стратегиялық қажеттіліктеріне сәйкес медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды жоспарлау, Медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру жөніндегі бағдарламаларды ұйымдастыру және әзірлеу, Медициналық және фармацевтикалық білім берудің жай-күйін талдау және мониторингілеу, азаматтардың қызметтік хат-хабарларымен және өтініштерімен жұмыс істеу, министрліктермен өзара іс-қимыл жасау, Медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру мәселелері бойынша ведомстволармен және медициналық білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.04.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.04.2020 – 20.04.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18