Ғылым және адами ресурстар департаменті Мейіргер ісін дамыту басқармасының басшысы, С-3 санаты, 14-03-01
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Менеджмент
- Қоғамдық байланыс
- Мейірбикелік ісі
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Фармация
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Қаржы
- Білім (химия)
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Білім: биология
Қосымша талаптар
мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы
Функционалды міндеттер
Мейіргер ісін дамыту басқармасының жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жоспарлау, мейіргер ісі саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру, мейіргер ісін одан әрі дамыту бойынша басқарушылық шешімдерді әзірлеу, саланың стратегиялық қажеттіліктеріне сәйкес кадрлар даярлауды жоспарлауды жүзеге асыру, мейіргер ісі саласындағы кадрлық жағдайын талдау, ТжКБ, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру, мейіргер ісі саласындағы білім беру мәселелері бойынша медициналық білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, мейіргер ісі саласындағы ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бойынша бюджеттік бағдарламаларды талдау және мониторингілеу, медициналық білім беру ұйымдарын кешенді тексеруді ұйымдастыру және қатысу, Негізгі заңнамалық актілерді, Мейіргер ісі ісі саласындағы нормативтік құқықтық, мейіргер ісі ісін жетілдіру бойынша бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және басшылық ету, Мейіргер ісі саласында білім беруді жетілдіру мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу, мейіргер ісін дамыту мәселелері бойынша министрліктермен, ведомстволармен және медициналық білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-28-18