Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Тарифтерді белгілеуді жетілдіру басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), (негізгі қызметкердің 18.05.2020 ж қоса алғандағы жүктілік пен босануға байланысты демалыс уақытына) С-4 санаты 11-02-02

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін қалыптастыру, тәртібін, әдістемесін,  ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерінің мөлшерлерін әзірлеу және бекіту жөніндегі іс-шараларды іске асыру:  тарифтік саясат мәселелері бойынша есеп жүргізу, материалдар жинау, нормативтік және нормативтік құқықтық актілерді, талдамалық жазбаларды, хаттарды, презентация және басқа да материалдарды әзірлеу. Тарифтерді қалыптастырудың және медициналық қызметтерге ақы төлеудің халықаралық тәжірибесін зерделеу және қорытындылау, медициналық қызметтерге ақы төлеу әдістерін жетілдіру бойынша ұсынымдарды құру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен, тарифтерді қалыптастыру орталығымен, өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларымен медициналық қызметтерді қаржыландыру әдістерін жетілдіру, тарифтерді қалыптастыру, медициналық қызметтерді қаржыландыру және тарифтердің әдістерінің тиімділігін және олардың денсаулық сақтау көрсеткіштеріне ықпал етуіне мониторинг жүргізу және талдау. Жеке және заңды тұлғалардың МӘМС енгізу, тарифтерді қалыптастыру және медициналық қызметтерге ақы төлеу мәселелері бойынша өтініштерін қарау. Қызметтік құжаттарды, хаттарды қарау, олардың орындалуын бақылау.

Жарияланған күні: 08.04.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.04.2020 – 13.04.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7172) 74-28-18