Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті№ 21-11-5
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (тіс емдеу және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе жалпы медицина және/немесе педиатрия және/немесе дәрігерлік емдеу ісі)
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін инфекциялық және паразиттік аурулар, оларды тұрақтандыру бойынша жүргізілетін іс-шаралар бойынша республикадағы эпидемиологиялық жағдайға талдау жүргізу, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жетекшілік ететін инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша халықтың эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу. Инфекциялық және паразиттік аурулардың өршуін тергеп-тексеруге, олардың себептерін анықтауға, оларды оқшаулау және профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысу. Жетекшілік ететін инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау және қадағалау мәселелері бойынша Комитеттің аумақтық органдары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру. Республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Құзыреті шегінде заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу және қарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер жобаларын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.03.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 10 кіреберіс, 425 кабинет
-
8(7172) 74-18-04, 74-27-12