Медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасының бас сарапшысы, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитет№ 21-13-5

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау

Қосымша талаптар

Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (тіс емдеу және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе жалпы медицина және/немесе педиатрия және/немесе дәрігерлік емдеу ісі)

Функционалды міндеттер

Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіру. Медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Құзыретінің шегінде норма шығармашылығы қызметін жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың медициналық көмек көрсету сапасы мәселелері бойынша өтініштерін қарау, талдау және мониторингілеу. Жоспардан тыс тексерулер жүргізу. Жоспардан тыс тексерулер шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық қызметпен айналысуға лицензиялау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Жоспардан тыс тексерулерге тәуелсіз сарапшыларды тартуды мониторингілеу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау және жоспардан тыс бақылау жүргізу нәтижелері бойынша құзыретінің шегінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза қолдану. Жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген материалдарды мониторингілеу. Халық арасында және БАҚ-да резонанс тудырған жағдайларға жедел ден қою. Ана мен нәрестелер өлімінің барлық жағдайларында медициналық көмек көрсету сапасын бақылау. Ана мен нәрестелер өлімін төмендету бойынша  кезек күттірмейтін шараларды қабылдау жөніндегі республикалық штабың отырысына ана мен нәрестелер өлімінің тексерілген жағдайларының нәтижелері бойынша материалдар дайындау. Жоспардан тыс тексерулер нәтижелерін талдау және мониторингілеу. Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін анықтау бойынша жұмыстарды жүргізу. Жоспардан тыс бақылау бойынша есепті деректерді жинау және талдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.03.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.03.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 10 кіреберіс, 425 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-18-04, 74-27-12