ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әуе көлігіндегі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Әуе көлігі объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде әуе көлігі қызметкерлері мен жолаушылардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, техникалық регламенттерді және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін әзірлеу және қарау. Бөлімнің және Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің жұмыс жағдайын тексеруді жүзеге асыруға қатысу. Құзыреті шегінде Департамент алқасының талдамалық материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, шешімдерінің жобаларын дайындау. Әуе көлігіндегі бақылауындағы объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға талдау жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу. Бекітілген статистикалық есептілікті және жедел ақпаратты уақтылы жасауды, уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету. Көлік қызметкерлері мен жолаушылардың санитарлық - эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптама топтарына қатысу. Инфекциялық, кәсіптік аурулар, ТЖ жағдайлары бойынша жолаушылар тасымалымен байланысты қызметкерлер арасында санитариялық - ағарту жұмыстарын жүргізу. Департаменттің аумақтық бөлімшелері қызметінің көрсеткіштеріне талдау жүргізу, жинақтау, қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.04.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.04.2021 – 27.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Online

Анықтама алу үшін байланыс

942906