ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Болашақ станциясы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік)
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің жұмысын жоспарлау және басқару. Жұмыстың жаңа нысандары мен әдістерін зерттеу және практикаға енгізу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінде көлік құралдарына, адамдарға және бақылаудағы өнімге (тауарларға) санитариялық - карантиндік бақылауды жүзеге асыруды және инфекциялық, паразиттік аурулар әкелінген және таралған және Қазақстан Республикасына тыйым салынған және халықтың денсаулығына қауіп төндіретін тауарлар мен жүктерді әкелген жағдайда санитариялық - эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау. Қызметтің бекітілген негізгі көрсеткіштері бойынша санитарлық - карантиндік бақылау бөлімінің қызметін талдау, бағалау және болжау. Құзыреті шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және қарау. Талдау материалдарын, анықтамаларды, ақпараттарды дайындау. Көліктегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Online
-
942906