ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы әкімшілік-құқықтық жұмыс және цифрландыру бөлімінің бас маманы, C-R-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2022 жылғы 1 ақпанға дейін)

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Әкімшілік қамтамасыз ету, құқықтық жұмыс, цифрландыру, ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс жүргізу. Заңнамада белгіленген тәртіппен органдарда, соттарда және ұйымдарда басқарма мүдделерін өкілеттік шегінде білдіру. Құзыреті шегінде Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің мамандарына практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын дайындау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, электрондық база бойынша құжаттармен жұмыс. Құжаттарды бақылауға қою. Бақылау құжаттарының уақтылы орындалуын бақылау. Мемлекеттік тілдегі құжаттарды дайындау және сапасын бақылау. Құжаттарды уақытылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсету. Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің сот жұмысын, әкімшілік іс жүргізуді талдау және қорыту. Құзыреті шегінде басқарманың талдау материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының жобаларын дайындау. Ақпараттық ресурстарды қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру. Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етулерді енгізу, сүйемелдеу және олардың жұмыс істеуі кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ұйымдастырушылық жұмыс жоспарын құру және талдау. Басқарманың медиа-жоспарын құру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, құжаттар бойынша ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Статистикалық есептілікті ұйымдастыру және санитариялық – эпидемиологиялық мониторингтерді, іс жүргізуді, азаматтардың арыздарымен және өтініштерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жүргізу. Кадр мәселелері бойынша іс жүргізуді бақылау. Басқарма материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында, департаменттің интернет-ресурсында жариялау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.04.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.04.2021 – 27.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Online

Анықтама алу үшін байланыс

942906